Қазақстан боксының атақты өкілі Теміртас Жүсіпов ел чемпионатының 1/8 финалдық кезеңінде жеңіске жетіп, жарысты сенімді түрде жалғастырды. Біріншілік Семей қаласында өтіп жатыр.
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ақмола облысының намысын қорғаған Теміртас Жүсіпов Астанадан келген Асхат Жүсіповпен жұдырықтасты. Қарсыластардың есімдері бір болғанымен, тәжірибе мен тактикалық шеберлік ардагер боксшының жағында еді.
Кездесу 3:2 есебімен Теміртас Жүсіповтің пайдасына аяқталды. Ол алғашқы раундта айқын басымдық танытты, екінші раундта да төрешілердің көпшілігі оның пайдасына дауыс берді (3:2). Алайда соңғы раундта Теміртас сәл бәсеңдеп, қарсыласына жол берді (0:5). Соған қарамастан, жинаған ұпай саны оған ширек финалға өтуге мүмкіндік берді.
37 жастағы Теміртас Жүсіпов — бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, 2019 жылғы әлем чемпионы, сондай-ақ екі мәрте Азия чемпионы. Ол 2025 жылғы ел біріншілігін шымкенттік Біржан Нұрымбетовты 5:0 есебімен жеңіп бастаған болатын.