Сәкен Бибосынов қарсыласын оңай жеңді
19.10.2025, 20:10
Семейде бокстан Қазақстан чемпионатында Түркістан облысының намысын қорғап жүрген Сәкен Бибосынов жартылай финалға жолдама алды.
sputnik.kz
Қарсыласына мүмкіндік бермеді
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Бибосынов Қарағанды облысының өкілі Нұрислам Бекенді үш раунд бойы толық басымдықпен ұтып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен — 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Бұл нәтиже Сәкенге кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.
Әлем чемпионының сенімді қарқыны
Айта кетейік, Сәкен Бибосынов — 2021 жылғы әлем чемпионы, Токио-2020 Олимпиадасының қола жүлдегері, сондай-ақ Азия біріншіліктерінің бірнеше дүркін жүлдегері.
Биылғы Қазақстан чемпионаты алғаш рет World Boxing ұйымының жаңа ережелері мен салмақ дәрежелері бойынша ұйымдастырылып отыр. Турнирдің финалдық кезеңдері 21 қазанға дейін жалғасады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама