Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қайрат Сәтжанов Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бәсекелестікті қорытындылады

Сарапшы, спорт журналисі
22.10.2025, 20:50

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Үндістанның Нью-Дели қаласында өтетін World Boxing кубогы алдындағы жоспарларын айтты. 

instagram.com/@sartzhan_kairat
Реклама
Реклама

Қазақстан құрамасы – әлемдік көшбасшы

Бас бапкер журналист Аслан Қаженовке сұхбат берді.

«Әлем кубогы бір айдан кейін өтеді. Онда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы үлкен бәсеке жалғасады. Бізді небәрі бір “алтын” медаль айырып тұр. Негізгі мақсат — жыл қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иелену», — деді Сәтжанов.

Бапкердің айтуынша, ұлттық құраманың басты қағидасы — қай турнирге барса да, тек бірінші орынды көздеу.

«Қайда барсақ та, міндетіміз — жеңіс. Биыл қаңтардан бері барлық жарыстарда үздік нәтижелер көрсеттік. Қаңтарда — Испанияда, ақпанда — “Странджа” турнирінде, наурызда — Эйндховенде, кейін әлем кубогында және әлем чемпионатында да бірінші болдық. Әрине, мұның бәрі оңай болған жоқ», — деп атап өтті бас бапкер.

«Жеңіске деген талап спортшыларға ауыр сынақ»

Қайрат Сәжанов спортшыларға әр турнирде алтын медаль талап ету оңай емес екенін де жасырмады:

«Әр жарыстан тек бірінші орын күту — спортшылар үшін үлкен психологиялық жүктеме. Мысалы, Сабыржан Аққалықов әлем кубогында бар күшін салды. Бірақ әлем чемпионатында сәл жетпей қалды. Дегенмен ол қорытынды шығарып, Қазақстан чемпионатында жоғары деңгейдегі өнер көрсетті. Оған “бес плюс” деген баға беруге болады», — деді ол.

2025 жылғы World Boxing әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жеті алтын медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.
Өзбекстан құрамасы алты алтынмен екінші орынға тұрақтады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары