Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Нұрбек Оралбай Қазақстан чемпионатына неге қатыспағаны белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі
24.10.2025, 09:54

Боксшының жаттықтырушысы себебін айтты.

Нұибек Оралбай
Реклама
Реклама

Жақында ғана Семейде бокстан Қазақстан чемпионаты аяқталды.

 

Бұл сыннан негізінен Ливерпульдегі әлем чемпионатында үздік шыққан былғары қолғар шеберлері ғана босатылады делінген еді, алайда қатысушылар арасында 80 келінің көшбасшысы Нұрбек Оралбайды да көрмедік.

 

Ал оның неліктен ел біріншілігінде бақ сынамағанын жеке бапкері Асқар Еркебаев былай түсіндірді:

«Нұрбек Оралбай әлем чемпионатында белін ауыртып алған. Әлем біріншілігінде ол үш жекпе-жек өткізсе, соның екеуіне жарақатпен шықты. Өкінішке қарай, Қазақстан чемпионатына дейін толық емделіп, бабына еніп үлгермей қалды.

Бапкердің айтуынша, Оралбайдың атағына қарамастан, оған ешқандай артықшылық болмайды:

Дегенмен оған ешқандай артықшылық берілмейді. Оның 2023 жылғы әлем чемпионы, 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері болғаны өткен уақыттың еншісіндегі дүние. Сондықтан маңызды жарыстарда ел намысын кім қорғайды дегенге келсек, ол міндетті түрде спаррингтік айқастар арқылы анықталады. Егер Нұрбек өзін дәлелдесе, онда жарыстарға барады», - деді Асқар Еркебаев.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары