Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

UFC қазақстандық файтерді жазалады

Сарапшы, спорт журналисі
24.10.2025, 14:36

Оның салмағы белгіленген нормадан шамамен 1,5 келіге артық болып шықты.

Азат Мақсұм. Фото: UFC
Реклама
Реклама

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Азат Мақсұм (15-2) Абу-Дабиде өтетін UFC 321 турнирі алдындағы ресми салмақ өлшеу рәсімінде белгіленген шектеуден асып кетті.

Мақсұм америкалық қарсыласы Митч Рапосоға (9-3) қарсы жеңіл салмақ дәрежесінде (57,15 кг немесе 126 фунт) жекпе-жек өткізуі тиіс болатын. Алайда ресми таразыда оның салмағы 129 фунт (58,5 кг) болып тіркелді. Бұл көрсеткіш белгіленген нормадан шамамен 1,5 келіге артық. Спортшы екінші рет толықтай киімсіз өлшенсе де, салмақ лимитіне сыймаған. Ал қарсыласы Рапосо еш қиындықсыз 125,5 фунт (56,9 кг) көрсетіп, талапқа сай болды.

UFC ережесіне сәйкес, салмақ шегінен асқан спортшыларға жаза қолданылады. Осыған байланысты Азат Мақсұм қарсыласына өз гонорарының 30 пайызын өтеуге міндеттелді. Мұндай тәртіп – ұйымның барлық қатысушыларына ортақ ереже.

Айта кетейік, салмақ өлшеудің салтанатты бөлігі 24 қазан күні кешкі сағат 19:00-де (ҚР уақытымен) өтеді. Ал Мақсұм мен Рапосо арасындағы жекпе-жек 25 қазанда өтетін UFC 321 турнирінің бағдарламасына енгізілген.

Еске сала кетсек, Азат Мақсұм соңғы кездесуін маусым айында ресейлік Тагир Уланбековке (17-2) қарсы өткізіп, төрешілер шешімімен даулы жеңіліске ұшыраған болатын. Қазіргі таңда қазақстандық спортшының UFC ұйымындағы көрсеткіші – 1 жеңіс және 2 жеңіліс.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары