Манама (Бахрейн) төрінде өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық боксшылар сенімді өнер көрсетті.
Жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасының жас боксшылары қарсыластарына мүмкіндік берген жоқ.
Арман Мырсәбит (46 кг) екінші раундта қытайлық Чжекай Чжанды нокаутқа түсіріп, әсерлі жеңіске жетті.
Жұмағали Нұрмахан (50 кг) тағы бір Қытай өкілі Цянчен Цзянды таза басымдықпен — 5:0 есебімен ұтты.
Досжан Жұмақан (54 кг) филиппиндік Джон Майкл Эсторбеге еш мүмкіндік бермей, төрешілердің бір ауыздан шешімімен 5:0 есебін тіркеді.
Ал Әмір Мұхит (60 кг) ауғанстандық Сухраб Замандарды айқын басымдықпен жеңіп, Қазақстан қоржынына тағы бір сенімді жеңіс қосты — 5:0.
Қыздар арасындағы бәсекеде Рамина Маханова (54 кг) Солтүстік Корея спортшысы Хян Риммен қолғап түйістіріп, қарсыласын айқын басымдықпен — 5:0 есебімен тізе бүктірді.