Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Сәкен Бибосынов қайта рингке шықты. Бішкекті дүр сілкіндірген жеңіс

Сарапшы, спорт журналисі
26.10.2025, 19:09

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов (2-0, 1 КО) кәсіби рингтегі екінші кездесуін сәтті аяқтап, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. 

Instagram/@sakenbibosinov
Реклама
Реклама

Жекпе-жектің өтуі

Бибосынов Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен кәсіпқой бокс кешінде рингке шықты. Оның қарсыласы жергілікті спортшы Адилет Качкынбеков болды. Бұл кездесуде қырғыз боксшысы кәсіби мансабындағы дебютін жасады.

Жекпе-жек алты раундқа созылып, төрешілердің ұпай есебі мынадай болды: 60–53, 60–53 және 58–55. Осылайша Сәкен Бибосынов кәсіби деңгейдегі екінші жеңісіне жетті, ал Качкынбеков өз мансабындағы алғашқы жеңілісін тіркеді.

Бірінші жекпе-жек — нокаутпен жеңіс

Айта кетейік, Сәкеннің кәсіби дебюті де Бішкекте өткен еді. 2025 жылдың 20 шілдесінде ол филиппиндік Кристиан Леганені бірінші раундта нокаутқа жіберіп, керемет бастама жасаған.

Әуесқой бокста Олимпиада және әлем чемпионатының жүлдегері атанған Сәкен Бибосынов енді кәсіпқой рингте де өз орнын табуда. Оның тактикалық дәлдігі мен физикалық дайындық деңгейі сарапшылар тарапынан жоғары бағаланды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары