Бұл шешім Манилада өткен отырыста ресми түрде бекітілді.
Әйгілі филиппиндік боксшы, әлемнің алты салмақ дәрежесіндегі чемпионы Мэнни Пакьяо Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) жаңа вице-президенті болып тағайындалды.
27 қазанда Манилада өткен IBA Атқару комитетінің жиынында ұйым басшылығы Мэнни Пакьяоның вице-президент лауазымына тағайындалғанын жариялады.
Филиппин халқының мақтанышы саналатын Пакьяо — әлемнің алты түрлі салмақ дәрежесінде чемпион атанған тұңғыш спортшы. Енді ол рингтегі жеңістерін басшылық деңгейіндегі үлгіге айналдыруды мақсат етіп отыр.
«Президент Умар Кремлевтің көреген басшылығымен IBA жаңа дәуірге қадам басты — бұл әр боксшының армандап, тең дәрежеде күресіп, жеңіске жетуге мүмкіндігі бар кезең», — деді Пакьяо.
Танымал боксшы сондай-ақ, осы іске қосылғанына қуанышты екенін айтып, әр жас спортшы қолдау табуы тиіс екенін жеткізді.
Вице-президент ретінде мен әуесқойлар мен кәсіпқойлар арасындағы, Шығыс пен Батыстың, ұрпақтар мен мәдениеттердің арасындағы көпір болуға ниеттімін.
Бокс — адамдарды біріктіре алатын ең мықты күш. Ол өмірді өзгертеді, қоғамды шабыттандырады және бұрынғы бөлінген жерге бейбітшілік әкеледі», — деді ол өз сөзінде.