Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Мэнни Пакьяо

Manny Pacquiao латынша

Мэнни Пакьяо — филиппиндік кәсіпқой боксшы, бокс тарихында сегіз салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған жалғыз спортшы. WBC нұсқасы бойынша ең жеңіл салмақта (1998–1999), IBF бойынша екінші жеңілдеу салмақта (2001–2003), WBO бойынша жартылай орта салмақта (2009–2012) чемпион болды. 2025 жылы Халықаралық бокс даңқы залына енгізілді.

Спорт түрі
Кәсіпқой бокс
Туған күні
17.12.1978
Туған жері
Филиппин, Букиднон провинциясы, Кибаве
Әлем чемпиондығы
сегіз салмақ дәрежесінде
WBC, ең жеңіл салмақ
1998–1999
WBO, жартылай орта салмақ
2009–2012, 2014–2015, 2016–2017
WBA Super, жартылай орта салмақ
2018–2021

Анықтама Уикипедия бойынша: Manny Pacquiao, Мэнни Пакьяо, Пакьяо, Мэнни

Жекпе-жек

Махмұд Сабырхан Фредди Роучпен кездесіп, үлкен арманын айтты

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан аты аңызға айналған бапкер Фредди Роучпен кездесіп, әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады. 

Жекпе-жек

Флойд Мейвезер бокс аңызымен айқасу үшін рингке оралуы мүмкін

Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо арасындағы жекпе-жектің екінші бөлігі 2026 жылы өтуі мүмкін.

Жекпе-жек

Мэнни Пакьяо вице-президент атанды

Бұл шешім Манилада өткен отырыста ресми түрде бекітілді.

Жекпе-жек

Өзбек боксшысы Мэнни Пакьяоға кедергі жасауы мүмкін

Филиппиндік аңызға айналған боксшы Мэнни Пакьяоның жекпе-жегін ұйымдастыру жоспарына өзбек боксшысы Шахрам Гиясов тосқауыл болуы мүмкін.

Жекпе-жек

Бокс аңызы рингке қашан оралатынын жариялады

Мэнни Пакьяо 47 жасында қайта жұдырықтасады.

Жекпе-жек

ESPN таңдауы: Геннадий Головкин – XXI ғасырдың үздік 25 боксшы қатарында

Әлемге танымал ESPN спорт порталы (АҚШ) ХХІ ғасырдың ең мықты 25 боксшысының рейтингін жариялады. Қазақстан мақтанышы Геннадий «GGG» Головкин бұл тізімнен шет қалмай, 11-орынға тұрақтады. Тізімге 23 ер адам және небәрі екі әйел енді — ирландиялық Кэти Тейлор мен америкалық Кларесса Шилдс.

Жекпе-жек

Пакьяо мен Барриос арасындағы жекпе-жек күтпеген нәтижемен аяқталды (ВИДЕО)

Филиппин боксының тірі аңызы, 46 жастағы Мэнни Пакьяо кәсіби мансабын қайта бастау туралы шешімінен кейін алғашқы жекпе-жегін өткізді. Бұл жолы ол америкалық-мексикалық спортшы Марио Барриоспен Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) WBC чемпиондық белбеуіне таласты.

Жекпе-жек

Мэйвезер мен Пакьяо реваншқа дайындалып жатыр

Америкалық Флойд Мэйвезер мен филиппиндік Мэнни Пакьяоның командалары реванш ұйымдастыру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.

Жекпе-жек

Блогер WBA рейтингінде! Бокс аңызы осыған қатысты мәлімдеме жасады

Бокс әлемінің даңқты жұлдызы Мэнни Пакьяо WBA ұйымының Джейк Полды ресми рейтингке қосу шешімін қолдап, америкалық блогердің кәсіпқой боксқа шынайы ықыласпен келгенін атап өтті.

Жекпе-жек

Әйгілі Мэнни Пакьяо үлкен спортқа қайта оралады

WBC тұжырымы бойынша титул үшін Мэнни Пакьяо мен Марио Барриос арасындағы жекпе-жек ресми жарияланды. 

Жекпе-жек

46 жастағы Мэнни Пакьяо шаршы алаңға оралмақ

Сегіз салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған жалғыз кәсіпқой боксшы филиппиндік Мэнни Пакьяо 2021 жылы аяқтаған карьерасын қайта жаңғыртпақ.