Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

ESPN таңдауы: Геннадий Головкин – XXI ғасырдың үздік 25 боксшы қатарында

Сарапшы, спорт журналисі

Әлемге танымал ESPN спорт порталы (АҚШ) ХХІ ғасырдың ең мықты 25 боксшысының рейтингін жариялады. Қазақстан мақтанышы Геннадий «GGG» Головкин бұл тізімнен шет қалмай, 11-орынға тұрақтады. Тізімге 23 ер адам және небәрі екі әйел енді — ирландиялық Кэти Тейлор мен америкалық Кларесса Шилдс.

ESPN таңдауы: Геннадий Головкин – XXI ғасырдың үздік 25 боксшы қатарында
барлық фото: ашық дереккөздерден алынған

Флойд Мейвезер (28-0) рингтегі мінсіз техникасымен ХХІ ғасырдың басты символына айналды. Екінші орынға Мэнни Пакьяо (35-6-3) жайғасып, тарихтағы ең көп салмақ дәрежесінде чемпион болған жалғыз боксшы мәртебесін тағы бір дәлелдеді. Үштікті Бернард Хопкинс (19-6-1, 1 NC) түйіндеді. Төртінші орында украиналық Александр Усик (23-0), бесінші орында мексикалық супержұлдыз Сауль «Канело» Альварес (63-2-2).

Қазақстандық жанкүйерлер үшін басты жаңалық – Геннадий Головкиннің ТОП-25-ке кіруі. GGG (42-2-1) бір кездері орта салмақтағы абсолютті гегемон болып, өзінің нокауттық күш-қуатымен әлемді дүр сілкіндірді. Оның басты қарсыласы Канело Альварес бұл тізімде 5-орынға орналасқан.

Толық тізім:

  • Флойд Мейвезер (28-0)
  • Мэнни Пакьяо (35-6-3)
  • Бернард Хопкинс (19-6-1, 1 NC)
  • Александр Усик (23-0)
  • Сауль Альварес (63-2-2)
  • Андре Уорд (32-0)
  • Теренс Кроуфорд (41-0)
  • Хуан Мануэль Маркес (26-5-1)
  • Рой Джонс-младший (26-9)
  • Наоя Иноуэ (30-0)
  • Геннадий Головкин (42-2-1)
  • Джо Кальзаге (19-0)
  • Эрик Моралес (17-9)
  • Василий Ломаченко (18-3)
  • Оскар де ла Хойя (8-5)
  • Роман Гонсалес (52-4)
  • Тайсон Фьюри (34-2-1)
  • Мигель Котто (41-6)
  • Виталий Кличко (18-2)
  • Марко Антонио Баррера (18-5)
  • Кэти Тэйлор (25-1)
  • Владимир Кличко (33-4)
  • Кларесса Шилдс (17-0)
  • Винки Райт (12-3-1)
  • Тимоти Брэдли (33-2-1, 1 NC)
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір