Нұрбек пен Махмұд шығады: Бүгін Қазақстанның 5 боксшысы ӘЧ-да бақ сынайды
Сабырхан, Оралбай, Зейнуллинов, Ибрагимова және Богданова ел намысын қорғайды.
GOV.KZ
7 қыркүйекте Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан бес бірдей боксшы ел намысын қорғайды. Олардың арасында Махмұд Сабырхан, Нұрбек Оралбай, Ертуған Зейнуллинов, Карина Ибрагимова және Наталья Богданова бар.
Қазақстандық боксшылардың жекпе-жек кестесі
Күндізгі сессия (15:00, Астана уақыты)
- Махмұд Сабырхан (55 кг) – Брайан Оуэн Ортис (Мексика), 1/16 финал.
- Нұрбек Оралбай (80 кг) – Матвей Ражба (Украина), 1/16 финал.
Кешкі сессия (22:00, Астана уақыты)
- Карина Ибрагимова (57 кг) – Элиза Глинн (Англия), 1/8 финал.
- Наталья Богданова (70 кг) – Санамача Чану Тхокчом (Үндістан), 1/8 финал.
- Ертуған Зейнуллинов (65 кг) – Юго Гро (Франция), 1/16 финал.
Барлық кездесулерді қазақстандық жанкүйерлер Qazsport арнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet