Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

«Келісімшартқа қол қойдым»: Ангелина Лукас Олимпиада туралы мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
07.09.2025, 13:40

Қазақтың белгілі боксшысы Ангелина Лукас Instagram желісіндегі парақшасында жаңа видеомәлімдеме жасап, алдағы жоспарларын бөлісті. Қазір спортшы Түркияда оқу-жаттығу жиынында жүр.

Instagram/@angelina_lukas1997
Instagram/@angelina_lukas1997

Қазақ қызы – әлемдік аренада

Лукас қарсыластарымен келіссөздерге тоқталып, АҚШ боксшысы Габриэла Фундорамен жекпе-жек ұзақ уақыттан бері жүзеге аспай келе жатқанын айтты. Фундора – ең жеңіл салмақтағы (50,8 кг) әлемнің абсолютті чемпионы.

«Мен қазір дайындық үстіндемін. WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін келісімшартқа қол қойдым. Біздің басты жоспарымыз Фундорамен жекпе-жек болатын. Бірақ ол да, оның промоутері де жарты жылдан аса уақыттан бері бұл кездесуден бас тартып келеді, тәуекелге барғысы жоқ», – деді Лукас.

Келесі қарсыласының есімі аталған жоқ. Дегенмен спорт жанкүйерлері бұл WBA уақытша чемпионы австралиялық Вивиана Руис болуы мүмкін екенін болжауда.

Әлемдік рейтинг пен Олимпиадаға жол

Лукас өз сөзінде:

«Мен WBC рейтингінде бірінші орында тұрмын, ал бұл ұйым бойынша Фундора чемпион. Яғни, ол бәрібір менімен кездесуге мәжбүр болады. WBA рейтингінде де үздік екіліктемін. Жақын арада ұйымдар оған не менімен жұдырықтасуды, не титулынан бас тартуды талап етеді. Біз абсолютті чемпион атағына бара жатырмыз», – деп атап өтті.

Сонымен қатар ол:

«Бұл салмақта (51 кг) ең көбі екі-үш кездесу өткізіп, кейін 55 кг-ға өтемін. Себебі салмақты ұстап тұру барған сайын қиындап барады. Дене де өзгеріп, күш те артады. Бір салмақта ұзақ жылдар бойы жұдырықтасу оңай емес», – деді.

Ангелина өзінің тағы бір үлкен мақсатын атады – 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатысу. Ол 54 кг салмақ дәрежесінде ел намысын қорғауды жоспарлап отыр.

Соңғы жетістіктері

Айта кетейік, Лукас соңғы рет биылғы маусымда туған жері Таразда шаршы алаңға шықты. Ол жекпе-жекте чилилік Даниэла Асенхоны мерзімінен бұрын жеңді. Осылайша спортшы IBO белдігін екінші ең жеңіл салмақта сәтті қорғады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір