
Ливерпульдегі бокстан әлем чемпионатында Махмұд Сабырхан алғашқы жекпе-жегін сенімді жеңіспен бастады.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Сабырхан алғашқы айналымда Мексика өкілі Брайан Оуэн Ортиспен қолғап түйістірді. Қазақстандық былғары қолғап шебері айқын басымдықпен өнер көрсетіп, төрешілердің бір ауыздан шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Бұл нәтижеден кейін Махмұд жарысты жалғастырып, келесі кезеңге жолдама алды. Ал мексикалық қарсыласы турнирден тыс қалды.
Махмұд Сабырхан – соңғы жылдардағы қазақстандық бокстың ең жарқын өкілдерінің бірі. Ол: