
Ливерпульдегі әлем чемпионатында Нұрбек Оралбай алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.
Нұрбек Оралбай 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде украиналық Матвей Ражбаға қарсы шығып, айқын жеңіске жетті.
1/16 финалда өткен кездесу ерекше қызықты өтті. Бұған дейін Ражба неміс қарсыласы Бен Эгисті нокаутпен жеңіп, турнирді сенімді бастаған еді. Алайда Оралбай украиналық боксшыға еш мүмкіндік бермей, төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.
Осы нәтижеден кейін Нұрбек Оралбай 1/8 финалға жолдама алды. Ал Матвей Ражба әлем чемпионатындағы жорығын тоқтатуға мәжбүр болды.
Айта кетейік, Нұрбек Оралбай – 2024 жылғы Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері және 2023 жылғы әлем чемпионы. Бұл жетістіктер жас боксшының тәжірибесін нығайтып қана қоймай, оның үлкен ареналардағы сенімді өнерін дәлелдеп отыр.