Ливерпульдегі әлем чемпионатында қазақ дербиі өтеді
Ливерпуль қаласындағы дүбірлі додаға 60-тан астам елдің мықтылары жиналды. Дәл осы турнирде жанкүйерлер күткен қазақ дербиі өтпек.
instagram/@boxingkazakhstan
Ливерпульдегі тарихи кездесу
80 келіге дейінгі салмақта Нұрбек Оралбай 1/16 финалда украиналық Матвей Ражбаны сенімді жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды. Оның қарсыласы Қытай атынан сынға түсіп жатқан этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатхан болады. Ол да өз кезегінде 1/16 финалда мексикалық Эмилиано Редусиндоға қарсы тартысты жекпе-жекте төрешілердің бөлінген шешімімен жеңіске жетті.
Қазақ жанкүйерлері үшін ерекше сәт
Екі қазақ жігітінің жолы әлем чемпионатының үлкен сахнасында түйісуі – спорт тарихындағы маңызды сәттердің бірі. Бұл жекпе-жек тек 1/8 финалдық кездесу емес, қазақ жанкүйерлері үшін ерекше тартысты дерби болғалы тұр.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet