Бибарыс Жексен Ливерпульді дүр сілкіндірді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық жас боксшы Бибарыс Жексен Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы айқасын жеңіспен аяқтады.

Бибарыс Жексен Ливерпульді дүр сілкіндірді (ВИДЕО)
instagram/@boxingkazakhstan

Қарсыласын ойсырата ұтты

1/16 финалда 60 келі салмақ дәрежесінде ол Филиппин елінің өкілі Джунмилардо Огайремен қолғап түйістіріп, қазылардың бірауызды шешімімен басым түсті.

Осылайша Жексен келесі кезеңге жолдама алды, ал оның қарсыласы турнирді ерте аяқтады.

Қазақстан құрамасының нәтижелері

Осы күні рингке тағы бірнеше қазақстандық шықты:

  • Төрехан Сабырхан (70 кг) – жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті;
  • Виктория Графеева (60 кг) – қарсыласын жеңіп, жарысты жалғастыруда;
  • Ал Надежда Рябец (75 кг) алғашқы айқасында ұтылып, чемпионаттан шығып қалды.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір