Махмұд Сабырхан Фредди Роучпен кездесіп, үлкен арманын айтты

Бас редактор

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан аты аңызға айналған бапкер Фредди Роучпен кездесіп, әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады. 

Махмұд Сабырхан Фредди Роучпен кездесіп, үлкен арманын айтты
Offside.kz

Қазақстан боксының үздігі Махмұд Сабырхан Instagram парақшасында танымал америкалық бапкер Фредди Роучпен бірге түскен суретін жариялады.

Махмұд Сабырхан жазбасында Фредди Роуч секілді тұлғаның жанында тұрудың өзі үлкен мотивация екенін жеткізді.

"Аңыздың қасында тұрғанда арман үлкейеді. Freddie Roach қолында дайындалған Pacquiao 8 салмақта чемпион болды. Алла қаласа, сол табандылықты, сол еңбекті, сол жеңісті Пакео сияқты халықтың мақтанышы болайық", — деп жазды Сабырхан.

Фредди Роуч пен Пакьяо байланысы

Фредди Роуч — әлемдік бокстағы ең танымал бапкерлердің бірі. Ол ұзақ жылдар бойы филиппиндік Мэнни Пакьяомен жұмыс істеді.

Пакьяо Роучтың жетекшілігімен бокс тарихындағы ең ерекше жетістіктердің біріне қол жеткізіп, сегіз салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды.

Махмұд Сабырхан — екі дүркін әлем чемпионы

Махмұд Сабырхан әуесқой бокста үлкен жетістікке жеткен спортшылардың бірі.

Ол 2023 жылы Ташкентте өткен IBA әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Ал 2025 жылы Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing ұйымдастырған әлем чемпионатында тағы да топ жарды.