Әлемдік бокстың екі мықтысы — ресейлік Дмитрий Бивол мен өзбек чемпионы Исраил Мадримов жаттығу кезінде бір рингте күш сынасты.
Экс-абсолютті әлем чемпионы Дмитрий Бивол мен Өзбекстанның танымал боксшысы Исраил Мадримовтың спарринг видеосы WorldBoxingWide Instagram парақшасында жарияланды.
Бұл сәт ресейлік боксшының Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жекке дайындығы кезінде түсірілген.
Жаттығу айқасы жоғары қарқынмен өтті. Екі спортшы да қарсыласының деңгейін мойындағанымен ешқайсысы жеңілдік бермеді.
Кадрларда олардың соққыларының күші мен тактикалық дәлдігі көрініп, спарринг ресми жекпе-жекке ұқсап кеткен.
2022 жылдың мамыр айында Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өткен Бивол мен «Канело» Альварестің жекпе-жегі бокс тарихында есте қалған.
Бивол сол кездесуде бір ауыздан төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, WBA (Super) нұсқасы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы атағын сәтті қорғаған.
Өзбек боксшысы Исраил Мадримов 2024 жылдың тамызында Лос-Анджелестегі BMO Stadium-да АҚШ өкілі Теренс Кроуфордпен кездескен.
Олардың айқасында WBA (Super) титулы мен WBO (Interim) белбеуі сарапқа салынды.
Мадримов чемпион мәртебесінде рингке шыққанымен, 12 раундтық шайқастың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Кроуфордқа берді.