Реклама
Реклама

UFC турнирінің басты жекпе-жегінде жылдам нокаут тіркелді

Сарапшы, спорт журналисі
02.11.2025, 10:54

Америкалық Стив Гарсия UFC Fight Night 263 турнирінің басты жекпе-жегінде угандалық Дэвид Онаманы айқын жеңді. Турнир АҚШ-тың Невада штатындағы Энтерпрайз қаласында өтті. 

mmafighting.com

Бірінші раундта шешілген тағдыр

Жартылай жеңіл салмақта өткен айқас небәрі бірінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды. Гарсия қарсыласын жылдам соққылармен тізерлетіп, төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Бұл жекпе-жек Стив Гарсияның кәсіби мансабындағы 19-шы жеңісі болды (5 жеңіліс). Ол соңғы жеті жекпе-жегінде қатарынан жеңіске жетіп, UFC-дегі үздік жартылай жеңіл салмақ иелерінің қатарына кіріп отыр.

Ал Дэвид Онаманың рекорды – 14 жеңіс және 3 жеңіліс.

Кештің тағы бір нокауты

Қосымша басты жекпе-жекте ауыр салмақтағы Доминикан Республикасының өкілі Валдо Кортес-Акоста хорватиялық Анте Делиюді бірінші раундта нокаутқа жіберді.

Кортес-Акостаның рекорды – 15 жеңіс пен 2 жеңіліс, ал Делияның көрсеткіші – 26 жеңіс және 7 жеңіліс.

Реклама
Реклама