Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Бокс аңыздарының реваншы биыл өте ме?

Сарапшы, спорт журналисі
02.11.2025, 19:35

Ауыр салмақтағы британдық боксшылар Энтони Джошуа мен Дэниэл Дюбуа арасында көптен күткен реванш жекпе-жегі 2025 жылдың соңына дейін өтуі мүмкін. 

olympics.com
Реклама
Реклама

Британдық боксшылар қайта кездесуі ықтимал

Бұл ақпаратты Дюбуа командасының кеңесшісі Сэм Джонс растады.

Оның айтуынша, егер Джошуа мен Тайсон Фьюри арасындағы мегажекпе-жек өтпесе, басты балама ретінде дәл осы Дюбуаға қарсы реванш қарастырылып отыр.

«Егер Фьюримен кездесу болмайтын болса, Энтони үшін жалғыз нұсқа – Дюбуа. Біздің команда келіссөзге толықтай дайын. Джошуа әрқашан реваншқа ұмтылған боксшы — ол мұны Руиске қарсы және Усикпен болған кездесулерде дәлелдеді», — деді Джонс.

Дюбуа — Джошуаны нокаутқа жіберген боксшы

Еске сала кетсек, былтыр қыркүйекте Дэниэл Дюбуа Энтони Джошуаны нокаутпен жеңіп, сенсация жасаған.

Алайда көп ұзамай ол Александр Усикке қарсы титулдық айқаста жеңіліп, IBF белбеуінен айырылды.

Қазір 28 жастағы британдық боксшы әлем чемпионы атағын қайтарып алуға бел буып отыр.

«Дюбуа – жаңа шыңға шығуға дайын»

«Бізге енді ешқандай дайындық жекпе-жектері қажет емес. Дэниэл абсолютті чемпиондық белбеу үшін айқасты, енді қайтадан сол биікте болғысы келеді. Ол әлемдік титулға жақындататын кез келген қарсыласпен шығуға дайын», — деп мәлімдеді Сэм Джонс.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары