Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Кішкентай ақымақ": Пимблетт Ислам Махачевке үндеу жасады

Сарапшы, спорт журналисі
05.11.2025, 11:58

Ағылшын файтері Делла Маддаленаның жеңісіне сенетінін айтты.

Ислам Махачев. Сурет: спортшының жеке архивынан
Реклама
Реклама

UFC ұйымындағы жеңіл салмақтың танымал жекпе-жек шебері, британдық Пэдди Пимблетт (23-3), ресейлік чемпион Ислам Махачевке (27-1) қатысты желіде шулы мәлімдеме жасады.

30 жастағы файтер 16 қараша күні Нью-Йоркте өтетін UFC 322 турнирінде өтетін жекпе-жек алдында аустралиялық Джек Делла Маддаленаға (18-2) қолдау білдіріп отыр.

«Мен Джектің жеңісін тілеймін. Делла Маддалена - Махачевке қарағанда әлдеқайда мықты файтер. Егер ол жекпе-жек барысында тік тұра алса, Исламды жайпап өтетініне сенімдімін. Шын жүректен соны қалаймын», - деп жазды Пимблетт.

Алайда британиялық спортшы мұнымен тоқтамай Ислам Махачевтің бұған дейін өз атына айтқан сөздеріне де жауап берген.

«Ислам жақында “Пэдди кімді жеңді өзі? Ол титулдық жекпе-жекті Бобби Гринді жеңген соң алды. Ал мен оны сенен де тез жеңдім” деп. Ей, кішкентай ақымақ, соған не дейсің? Жеңіл салмаққа қайта орал! Мен сенің басыңды да мыжып тастаймын!» – деп жазды спортшы.

Нью-Йоркте 16 қараша күні жартылай орта салмақта ресейлік Ислам Махачев аустралиялық Джек Делла Маддаленамен арадағы жекпе-жекте UFC чемпионы атағын сарапқа салады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары