Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Жәнібек Әлімханұлы Теренс Кроуфордпен жекпе-жекке шығуға дайын

Сарапшы, спорт журналисі
05.11.2025, 14:48

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы екінші орта салмақтағы абсолют чемпион, америкалық Теренс Кроуфордпен жекпе-жекке шығуға дайын екенін мәлімдеді.

instagram.com/janibek_alimkhanuly
Реклама
Реклама

Бұған дейін Кроуфорд желтоқсанның 6-сы күні өтетін «Kazakh Style» мен кубалық Эрисланди Лараның айқасын ерекше назармен қарайтынын айтқан еді.

«Иә, біз Кроуфордпен жекпе-жекке дайынбыз. Бұл біз үшін үлкен әрі маңызды айқас болмақ», – деді Әлімханұлы Ларамен болатын кездесу алдындағы сұхбатында.

Өз кезегінде кубалық Эрисланди Лара болашақ жоспарлары туралы сөз қозғаудан бас тартты.

– «Қазір менің бар ойым – 6 желтоқсандағы айқаста. Жәнібек оңай қарсылас емес. Сол себепті басқа ештеңені ойлауға хақым жоқ. Бар күшімді соған жұмсаймын, ал ары қарай не боларын содан кейін көреміз», – деді Лара.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары