Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстандық дзюдошылар Исламиаданы жеңіспен бастады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 15:26

Осылайша, ел намысын қорғап жатқан Ержан Еренқайыпов пен Толғанай Әбеуова келесі кезеңге өтті. 

kazsports.kz
Реклама
Реклама

Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында дзюдодан Қазақстан құрамасы сәтті бастады. Ержан Еренқайыпов пен Толғанай Әбеуова өз салмақтарында алғашқы жекпе-жектерін жеңіспен аяқтады.

Ел намысын қорғап жатқан дзюдошылардың екеуі — Ержан Еренқайыпов (66 кг) және Толғанай Әбеуова (52 кг) — қарсыластарынан басым түсті.

66 келіге дейінгі салмақта күрескен Ержан Еренқайыпов алғашқы айналымда Нигерия елінің өкілі Исмаэль Альхасаннан айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Қазақ дзюдошысы жекпе-жек бойы бастаманы өз қолында ұстап, техника мен тактиканы үйлестіре қолданды.

Ал қыздар арасында 52 келі салмақта ел намысын қорғаған Толғанай Әбеуова да жарысты жеңіспен бастады. Ол Қырғызстан спортшысы Сабина Қожомбердиевадан басым түсті.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары