Қазақстан джиу-джитсудан әлем чемпионатында үздік шықты
Жарнама
Жарнама
Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан джиу-джитсудан әлем чемпионатының ересектер арасындағы бәсекесі өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.
Біздің спортшылар әлемнің ең мықтыларын артта қалдырып, 11 алтын, 16 күміс және 13 қола медаль иеленді.
Әлем чемпионы атанған қазақстандықтар:
- Талант Тоқтыбаев – контакт, 85 кг
- Ақбар Елубайұлы – контакт, +94 кг
- Ақжүніс Өтебаева – контакт, 57 кг
- Мақсат Төленді – ноу ги, 85 кг
- Мақсат Мұратұлы – ноу ги, 56 кг
- Атакелді Есетов – ноу ги, 62 кг
- Аслан Қанатбек – хиф контакт, 62 кг
- Әбу-Бәкір Жәнібек – хиф контакт, 69 кг
- Жібек Құлымбетова – неваза, 48 кг
- Шерхан Жақсылық – хиф контакт, 85 кг
- Бекзат Баймұратов – хиф контакт, 77 кг
Жалпыкомандалық есеп
- Қазақстан – 11 алтын, 16 күміс, 13 қола
- Бейтарап атлеттер командасы – 10 алтын, 7 күміс, 17 қола
- Вьетнам – 8 алтын, 7 күміс, 10 қола
- Германия – 7 алтын, 3 күміс, 4 қола
- Бразилия – 6 алтын, 7 күміс, 4 қола
Биылғы чемпионатқа 59 елден 1100-ге жуық спортшы қатысты. Чемпионат 14 қарашаға дейін жалғасады. Келесі күндері U16, U18 және U21 жас санаттарындағы жекпе-жектер өтеді.
Жарнама
Жарнама