14 қараша күні Нью-Йоркте, Madison Square Garden аренасында UFC 322 турнирі өтеді.
Аралас жекпе-жек аңызы Фёдор Емельяненко алдағы UFC 322 турнирі алдында Ислам Махачевке қолдау білдіріп, оның қарсыласы Джек Делла Маддаленаны қатаң сынға алды.
«Құдай қаласа, Ислам жеңіске жетіп, анау көп сөйлейтін баланы жазалайды деп сенемін. Ол октагонда өз сөзін айтуы керек», — деді Емельяненко.
Фёдордың бұл сөзі кездейсоқ емес. Соңғы апталарда Джек Делла Маддалена бірнеше мәрте Махачевтің қарсыласы ретінде батыл мәлімдемелер жасап, жұрт назарын аударған болатын.
Айта кетейік, UFC 322 турнирі 14 қараша күні Нью-Йоркте, Madison Square Garden аренасында өтеді. Махачев бұл кеште екінші белбеу үшін жартылай орта салмақтағы чемпиондық жекпе-жекке шығады.