Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Жәнібек Әлімханұлы Ларамен жекпе-жекте мықтылығын көрсетуге міндетті - The Ring

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 11:01

Әйгілі басылымда Әлімханұлы жайлы тағы бір мақала шықты.

Коллаж
Реклама
Реклама

The Ring журналының журналисі Ханс Темистоудтың айтуынша, орта салмақтағы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы осы салмақтағы WBA белбеуінің иегері Эрисланди Ларамен өтетін жекпе-жекте өз мүмкіндігін толық пайдалануға тиіс.

Үш чемпиондық белбеу үшін өтетін бұл жекпе-жек 6 желтоқсанда АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында өтеді.

"Бірінші орта салмақта өнер көрсеткен кезінде Эрисланди Лара Брайан Кастаньо мен Грег Вендеттиге қарсы жекпе-жектерде сәл баяу көрінген еді. Алайда 2021 жылы орта салмаққа өткеннен кейін ол жаңа деңгейге көтерілді. Сол уақыттан бері төрт нокаутқа қол жеткізді, соның ішінде 2024 жылы Дэнни Гарсиямен болған айқаста да. Қазір Лара өте жақсы қарқынмен келе жатыр."

Ханстың айтуынша, Әлімханұлы Ларамен жекпе-жекке шыққан кезде, толық күшін көрсетеуге міндетті:

"Әлімханұлы соңғы жекпе-жегінде көп қиналмай, бесінші раундта Анауэль Нгамиссенгені нокаутқа жіберіп жеңіске жетті. Дегенмен, кей кездері ол рингте аса қызығушылық танытпай жүргендей әсер қалдырған сәттері болды. Мұндай қателік Ларамен болатын айқаста ешқашан қайталанбауы керек", — делінген мақалада.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары