Екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Джалолов (17-0, 15 KO) Ташкенттегі бокс кешінде суперауыр салмақта бұрын жеңілмеген нигериялық Соломон Адебайоны (14-1, 13 KO) техникалық нокаутпен тізе бүктірді.
Сегіз раундқа жоспарланған айқас төртінші раундта аяқталды. Джалолов толық басымдық танытты. Қарсыласын ауыр соққыларымен тұқыртып, ақыры канвасқа құлатты.
Төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды — техникалық нокаут.
Бұл жеңіс Баходир Джалоловтың мінсіз сериясын жалғастырды:
Ал Адебайо үшін бұл кездесу мансабындағы алғашқы жеңіліс болды. Ол осыған дейін 14 жекпе-жекті қатар жеңіп, оның 13-ін нокаутпен аяқтаған.