2024 жылғы Олимпиада чемпионы, өзбекстандық суперауыр салмақтағы боксшы Лазизбек Муллажонов (6-0, 6 KO) Ташкентте нигериялық Монясаху Муритадорды (6-3-2, 5 KO) техникалық нокаутпен жеңіп, вакантты WBC CISBB титулын иеленді.
10 раундқа жоспарланған айқаста Муллажонов толық үстемдік көрсетті. Үшінші раундта нигериялық боксшы күресті жалғастырудан бас тартып тізерледі. Осылайша төреші жекпе-жекті тоқтатып, өзбек боксшысына кезекті жеңіс жазды.
Бұл – Муллажоновтың кәсіпқой рингтегі жетінші жеңісі. Ерекшелігі — оның барлық жекпе-жегі мерзімінен бұрын аяқталған.
Бұған дейін хабарланғандай 26 жастағы Лазизбек Муллажонов үш жылға спорттан шеттетілді. Ол антидопинг ережелерін бұзғанын мойындап, дисквалификация 2025 жылдың 22 шілдесінен 2028 жылдың 21 шілдесіне дейін күшінде болады.
Сонымен қатар спортшының 2025 жылдың 11 маусымынан бастап барлық нәтижесі ресми түрде жойылған.