Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Өзбекстандық Олимпиада чемпионы үш жылға шеттетілді

Сарапшы, спорт журналисі

Бокстан Париж Олимпиадасының чемпионы, өзбекстандық Лазизбек Муллажонов допинг дауына байланысты үш жылға спорттан шеттетілді.

Өзбекстандық Олимпиада чемпионы үш жылға шеттетілді
mtvuutiset.fi

Үш жылдық дисквалификация

Халықаралық допинг-тестілеу агенттігінің (ITA) мәліметінше, дисквалификация 2025 жылғы 22 шілдеден 2028 жылғы 21 шілдеге дейін күшінде болады. Сонымен қатар оның барлық нәтижесі 2025 жылдың 11 маусымынан 22 шілдеге дейінгі кезеңге толық күшін жойды.

Тыйым салынған зат анықталды

ITA ресми хабарламасында былай делінген:

«11 маусым 2025 жылы спортшының жарыстан тыс тапсырған допинг сынамасынан метастерон атты тыйым салынған зат табылды. Спортшы өз кінәсін даулаған жоқ. Ерте мойындау арқасында оның жазасы бір жылға қысқартылды. Әйтпесе стандартты төрт жылдық шеттету қолданылатын еді», — деп жазылған агенттік релизінде.

26 жастағы Лазизбек Муллажонов Париж Олимпиадасында ауыр салмақта (92 кг дейін) алтын медаль жеңіп алған еді. Бұған дейін ол 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір