Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Әлем кубогының екінші күні: Рингке кімдер шығады?

Сарапшы, спорт журналисі
16.11.2025, 21:22

Дүйсенбі күні Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан World Boxing ұйымдастырған бокстан әлем кубогының финалдық кезеңінде Қазақстан құрамасынан бес боксшы рингке шығады.

Instagram/@boxingkazakhstan
Реклама
Реклама

Күндізгі сессия (13:30 — Астана уақытымен)

  • 14:15 — Ерлер, 55 кг, ширек финал

Нұрсұлтан Алтынбек — Паван Бартвал (Үндістан)

Қазақ боксшысы турнир қожайынының өкілімен күш сынасады. Бұл салмақтағы жекпе-жек турнирдің ең тартысты кездесулерінің бірі болмақ.

  • 14:30 — Ерлер, 75 кг, ширек финал

Аман Қонысбеков — Джавохир Абдурахимов (Өзбекстан)

Орталық Азия дербиі. Қос ел арасындағы бәсеке әрқашан принципті, ал бұл жолы финал жолдамасы үшін тартыс жүреді.

  • 15:30 — Ерлер, 90 кг, ширек финал

Бекзат Таңатар — Навин Кумар (Үндістан)

Ауыр салмақтағы отандасымыз үнді боксшысымен айқасады. Ринг иесінің қолдауы айтарлықтай сезілетін жекпе-жек болмақ.

Кешкі сессия (17:30 — Астана уақытымен)

  • 18:15 — Ерлер, 50 кг, ширек финал

Нұрзат Оңғаров — Джадумани Сингх (Үндістан)

Жеңіл салмақтағы айқас. Оңғаровқа қарсы тұратын жергілікті боксшы жылдамдығымен танымал. Сондықтан жекпе-жек жоғары темпте өтеді деп күтіледі.

  • 19:30 — Ерлер, 70 кг, ширек финал

Нұрбек Мұрсал — Ықтияр Нишонов (Қырғызстан)

Қазақстан–Қырғызстан текетіресі. Бұл жекпе-жек көрермендер үшін ерекше қызықты болмақ.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары