Төртеуі жеңіліп, тек біреуі жарқырады: Қазақстан үшін әлем кубогындағы сәтсіз күн
17.11.2025, 21:18
Үндістан астанасы Нью-Делиде World Boxing әлем кубогының финалдық кезеңінде Қазақстан құрамасының бес боксшысы шаршы алаңға шықты.
Instagram/@boxingkazakhstan
Финалдық кезең Қазақстанға ауыр тиді
Рингке төмендегі спортшылар көтерілді:
- Нұрзат Оңғарұлы (50 кг)
- Нұрсұлтан Алтынбек (55 кг)
- Нұрбек Мұрсал (70 кг)
- Аман Қонысбеков (75 кг)
- Бекзат Таңатар (90 кг)
Олардың ішінде тек Нұрбек Мұрсал жеңіске жетті. Ол қырғызстандық Ихтияр Нишоновты айқын басымдықпен жеңіп, жартылай финалға өтті.
Үш боксшы Үндістан өкілдерінен ұтылды
Қазақстандықтар үшін ауыр соққы болғаны — қатарынан үш жекпе-жектің үнді боксшыларының пайдасына шешілуі:
- Нұрзат Оңғарұлы — Джадумани Сингхқа жол берді
- Нұрсұлтан Алтынбек — Паван Бартвалға есе жіберді
- Бекзат Таңатар — Навин Кумардан жеңілді
Барлық үш кездесу де қарсыластардың шапшаңдығы мен қарқынына төтеп беру қиындығын көрсетті.
«Эль-классико»: Қазақстан — Өзбекстан
75 келі салмақта Аман Қонысбеков өзбек боксшысы Жавохир Абдурахимовпен құрлықтағы әйгілі «бокс эль-классикосында» күш сынасты. Тартысты өткен айқас бөлек шешіммен Абдурахимовтың пайдасына шешілді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама