Аңыз боксшы рингке оралады
17.11.2025, 22:10
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам рингке қайта оралатынын ресми түрде жариялады.
sputnik.kz
Аңыз боксшының камбэкі расталды
Instagram парақшасында жарияланған мәлімдемеде:
«Қанат Ислам Ali Akhmedov Promotion Fight Night кардында өнер көрсетеді! Қытай халықтары Спартакиадасының екі дүркін чемпионы, 2008 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Қанат рингке қайта оралып, тәжірибенің – ең қуатты қару екенін дәлелдемек», — деп жазылған.
Қанат Ислам туралы деректер:
- Жасы — 41
- Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері
- WSB лигасында «Astana Arlans» командасының капитаны болды
Әуесқой деңгейде Қытай халықтары Спартакиадасының екі дүркін чемпионы және 2008 Олимпиадасының қола жүлдегері
Кәсіпқой мансабындағы жетістіктері
Қанат Ислам бірінші орта салмақта (super welterweight) бірнеше беделді титулдардың иегері:
- WBA Inter-Continental
- WBO NABO
- WBO Inter-Continental
- WBA Fedelatin
- WBA Fedecaribe
Қанат Ислам шаршы алаңға 27 желтоқсанда, Алматыдағы бокс кешінде шығады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама