Отандасымыз жуырда кезекті айқасын өткізіп, америкалық қарсыласына жеңіліп қалған еді.
Қазақстанның ең сексуалды боксшысы атанған Ангелина Лукас Каирде өткен WBA титулы үшін жекпе-жектен кейін күтпеген жаңалық естіді. АҚШ боксшысы Кэтрин Реннимен болған айқас ресми түрде No Contest деп жарияланды.
Спорт жұлдызының айтуынша, Америка боксшысы Кэтрин Ренни допинг-тесттен өте алмаған, ал жекпе-жек төрешілерінің жұмысынан елеулі қателіктер анықталған. Сол себепті WBA ұйымы айқасты ресми түрде “жарамсыз” (No Contest) деп таныды.
Ангелина бұл жаңалықты өз әлеуметтік желілерінде жариялап, жанкүйерлеріне эмоциялық жазба қалдырды:
«Бүгін жекпе-жек ресми түрде No Contest деп танылды. Жеңіс қарсыласыма есептелмейді — ол допинг-тесттен өтпеді, ал төрешілер тарапынан да қателіктер болды. Бірақ ең маңыздысы — мен әр раундты адал, ашық және соңына дейін айқастым», — деп жазды боксшы.
Жанкүйерлер арасында резонанс тудырған айқас енді мүлде жаңа мәнге ие болды. Лукас таза бокс стилінің арқасында әділдіктің орнауына қол жеткізді.