Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Әлем кубогы: Қазақстандық боксшылар финал үшін жекпе-жектерде жеңілді

Сарапшы, спорт журналисі
18.11.2025, 21:28

World Boxing ұйымы өткізген әлем кубогының финалдық кезеңіндегі жартылай финалдық сайыстарда қазақстандықтар сәтсіздікке ұшырады. 

olympic.kz
Реклама
Реклама

Ерлер арасындағы нәтиже

Жартылай финалда екі қазақстандық боксшы — Санжарәлі Бегалиев (80 кг) пен Даниял Сапарбай (90+ кг) өнер көрсетті.

Бегалиев ағылшындық Оладимеджи Шиттумен қолғап түйістіріп, төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жеңіліс тапты.

Ал Сапарбай үндістандық Нарендерге қарсы өткен шиеленісті кездесуде бөлінген шешіммен есе жіберді.

Әйелдер арасындағы жекпе-жектер

Диана Мағауяева (80 кг) мен Әсел Тоқтасын (80+ кг) да жартылай финалда жеңіліске ұшырады.

Мағауяева польшалық боксшы Агата Качмарскадан айқын басымдықпен ұтылды.

Тоқтасын өзбекстандық Олтина Сотимбоевамен кездесіп, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңілді.

Осылайша 18 қараша күні рингке шыққан төрт қазақстандық боксшы да жартылай финалда тоқтап, әлем кубогының қола жүлдегері атанды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары