Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Рахмоновтан бұрын: қазақстандық файтер UFC белбеуіне мүмкіндік алды

Сарапшы, спорт журналисі
19.11.2025, 10:51

Асу Алмабаев келесі жекпе-жекті жеңсе, чемпиондық сайысқа түседі.

Асу Алмабаев пен Шавкат Рахмонов.
Реклама
Реклама

DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров 22 қарашада Катарда өтетін UFC турнирінің негізгі кардын ашатын Асу Алмабаевтың Алекс Переспен жекпе-жекке дайындығы туралы айтты.

"Асу өз-өзін жақсы сезінеді, бәрі жоспар бойынша жүріп жатыр. Катарда толық акклиматизациядан өттік. Мақсат — тек жеңіс. Жеңіске жетсек, бізге чемпиондыққа мүмкіндік беруі де мүмкін. Өте үлкен жоспарларымыз бар. Біз жеңгіміз келеді және топ жарғымыз келеді. Дайындық кезеңінде ешқандай мәселе болған жоқ, барлығын өте жақсы пысықтадық. Тек бір-екі аздаған жарақат бар, ол ештеңеге әсер етпейді", — деді Эдуард Базров.

Еске салайық, Асу Алмабаев биыл UFC-де Манел Капеге қарсы алғашқы жеңіліске ұшырап, төрт жеңістен тұратын сериясын үзді. Кейін Асу сол жеңілісті жауып, Хосе Очоаны төрешілер шешіммен жеңді. Қазір Алмабаев аса-жеңіл салмақтағы рейтингте сегізінші орында тұр.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары