Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Екі нокдаун және сенімді жеңіс: қазақстандық боксшы финалда Өзбекстанмен жұдырықтасады

Сарапшы, спорт журналисі
19.11.2025, 18:25

Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан World Boxing ұйымдастырған әлем кубогының соңғы кезеңінде жартылай финалдық жекпе-жектер жалғасуда. 

Instagram/@boxingkazakhstan
Реклама
Реклама

85 келіде шешуші айқас

Күндізгі сессияның қорытынды жекпе-жегінде 85 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан құрамасының мүшесі Сұлтанбек Айбарұлы мен Оңтүстік Корея боксшысы Ким Дэ Хун жолықты.

Бірінші раундта Айбарұлы кореялық қарсыласын тіреп тұрған нокдаунға жіберді. Үшінші раундта дәл осындай эпизод қайталанды. Осылайша үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті Сұлтанбекке берді.

Финалда — Қазақстан vs Өзбекстан

Бұл сенімді жеңіс Сұлтанбек Айбарұлына әлем кубогының финалына шығуға мүмкіндік берді. Ол шешуші кездесуде Өзбекстан боксшысы Жасурбек Юлдошевпен алтын жүлде үшін жұдырықтасады. Ким Дэ Хун болса, турнирдің қола жүлдегері атанды.

Үндістандағы финалдық жекпе-жектер 20 қараша күні өтеді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары