Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Шавкат Рахмоновтың UFC октагонына қашан оралатыны белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 12:34

Эудард Базровтың айтуынша, қазақстандық файтер қазір жаттығу кезеңінде.

Шавкат Рахмонов. Фото: Getty Images
Реклама
Реклама

DAR Team бас бапкері Эдуард Базров UFC-дің жартылай орта салмақтағы жеңілмеген қазақстандық файтері Шавкат Рахмоновтың (19-0) қалпына келуі мен дайындығы туралы Sports.kz сайтына ақпаратпен бөлісті.

"Шавкат жаттығып жүр, тіпті жаттығу процесін үзген де жоқ. Қазір ол Катарда да жаттығады. Оның қазіргі бабына қатысты ештеңе айтқым келмейді, бәрін келесі жылы өздеріңіз көресіздер, иншаАллах. Барлығы жақсы болады деп үміттенемін, және келесі жылы «Номадты» іс жүзінде көреміз", — деді маман.

Айта кетейік, Рахмонов соңғы рет октагонға былтырғы жылдың желтоқсанында UFC 310 турнирінде шығып, ирландиялық Иэн Гэрриді жеңген еді. Жартылай орта салмақтың жаңартылған рейтингінде қазақстандық спортшы төртінші орында тұр.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары