Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Алмабаев пен Рахмоновтың жарқын жеңістен кейінгі эмоциялары жарияланды

Сарапшы, спорт журналисі
22.11.2025, 23:17

UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен Асу Алмабаев пен оның секунданты, жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінің 4-номері Шавкат Рахмонов жекпе-жектен кейінгі әсерлерін бөлісті. 

instagram/@ufc
Реклама
Реклама

Қос қазақстандық жұлдыздың эмоциясы

UFC Eurasia ресми инстаграм парақшасында Асу Алмабаев пен Шавкат Рахмоновтың жекпе-жек аяқталған сәттен кейінгі шынайы эмоциялары түсірілген видео жарияланды. Роликте екі файтер де қуанышын жасырмай, жанкүйерлерге жолдаған алғашқы пікірлерін бөліседі.

Асу Алмабаев:

«Әлхамдулиллаһ, жеңдік. Эмоция көп, жекпе-жекті қайта қарап шығу керек», – деді.

Шавкат Рахмонов:

«Асу жеңіске жеткеніне өте қуаныштымын. Барлығы тек жеңіс күтті — ол соны орындады», – деп атап өтті.

Тарихке енген айқас

Еске салайық, Катар тарихындағы алғашқы UFC турнирінде Асу Алмабаев америкалық Алекс Пересті үшінші раундта ауадан жасалған гильотина әдісімен мерзімінен бұрын жеңген.

Бұл әдіс MMA жанкүйерлерінің арасында үлкен резонанс тудырып, Асу Алмабаевтың шеберлігіне деген қызығушылықты арттырды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары