Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Шавкат Рахмоновтың салмағындағы ТОП жекпе-жек жанжалмен аяқталды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 01:26

Доха қаласында өткен UFC Fight Night 265 турнирінде жартылай орта салмақта сайысқа түскен америкалық Белал Мухаммад (24-4) пен ирландиялық Иэн Гэрри (16-1) арасындағы кездесу үлкен дауға себеп болды. 

mmafighting.com
Реклама
Реклама

Дау тудырған жекпе-жек

Үш раундқа жоспарланған жекпе-жекте файтерлер жоғары қарқын көрсеткенімен айқастың ішінде даулы сәттер жиі байқалды. Иэн Гэрри қарсыласының көзіне екі рет саусақ салғанына қарамастан рефери одан бірде-бір ұпай шегерген жоқ.

Осы жағдай MMA жанкүйерлері арасында қызу талқыланып, төрешілікке қатысты наразылықтар тудырды.

Гэрридің мансабындағы 17-жеңіс

Жекпе-жек қорытындысында Гэрри бір ауыздан жеңіске жетті, ал Белал Мухаммад мансабындағы бесінші жеңілісін тіркеді. Ирландиялық спортшы осылайша кәсіби мансабындағы 17-ші жеңісін тойлады.

Бұл салмақта Қазақстан мақтанышы Шавкат Рахмонов (19-0) да өнер көрсетеді. Еске сала кетейік, Гэрридің кәсіби мансабындағы жалғыз жеңілісі дәл Рахмоновқа қарсы былтыр желтоқсандағы айқаста тіркелген. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары