Реклама
Реклама

Әлімханұлының салмағындағы чемпион нокаутпен ұтылды

Сарапшы, спорт журналисі
23.11.2025, 19:31

АҚШ боксшысы Вито Мельницки-кіші (22-1-1, 14 KO) Эр-Риядтағы кеште орта салмақтың WBO Global вакантты белбеуін жеңіп алды. Ол осыған дейін жеңілмеген нигериялық Сэмюэл Нмомаға (21-1, 5 KO) тосқауыл қойып, техникалық нокаутпен жеңісті қоржынға салды.

sportowefakty.wp.pl

Мельницкидің жарқын жеңісі

10 раундқа жоспарланған тартысты кездесу тоғызыншы раундта мерзімінен бұрын тоқтатылды. Нмома ауыр нокдаунға түскеннен кейін рингке қайта тұра алмады. Рефери жекпе-жекті дереу тоқтатып, Мельницкидің жеңісін тіркеді.

Нокаут сәтінің видеосын төменнен көруге болады.

Нмома үшін алғашқы жеңіліс

Бұл нәтиже Сэмюэл Нмома үшін кәсіби мансабындағы алғашқы жеңіліс болды. Ал Мельницки 22-ші жеңісіне жетіп, өз көрсеткішін нығайтты: 22 жеңіс, 1 жеңіліс, 1 тең матч. 

Айта кетейік, орта салмақ санатында Қазақстанның мақтанышы, әлемнің екі нұсқасы бойынша чемпионы — Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) да өнер көрсетеді. Ол қазір WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы белбеулерін ұстап келеді.

Реклама
Реклама