UFC-дің жартылай орта салмақ чемпионы Ислам Махачев Шавкат Рахмоновтың осы дивизионда титулдық мүмкіндік алу ықтималдығына өз пікірін білдірді.
Ресейлік файтердің айтуынша, қазақстандық спортшының ұзақ уақыт жекпе-жекке шықпауы оның тікелей титул үшін таласуға құқығын күмәнге қалдырады.
«Біріншіден, оның оралуы керек — ол бір жылдан бері жұдырықтасқан жоқ. Үміткер бір жыл жарақатпен жүріп, кейін келіп бірден белбеу үшін айқаса алмайды. Иә, амандастық, ол мені құттықтады, қол алыстық. Егер ол қалпына келіп, UFC оны келесі қарсылас деп шешсе — неге жоқ?» — деді Махачев.
Еске сала кетейік, Рахмонов октагонға соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында шығып, Иен Гарриді жеңген.
Қазіргі таңда қазақстандық файтер жартылай орта салмақ рейтингінде төртінші орында және оның кәсіби рекорды — 19 жекпе-жек, 19 жеңіс.