«Барлық үміт бір Әбибаға артылды»: Әбужақынова Абу-Дабиде Қазақстанды құтқарды
28.11.2025, 18:44
Қазақстан ұлттық дзюдо құрамасының өкілі Әбиба Әбужақынова Абу-Дабидегі (БАӘ) беделді Grand Slam кезеңінде қола медаль жеңіп алды.
instagram/@kaz_judoteam
48 келідегі қола жүлде
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық дзюдошы қола жүлде үшін өткен шешуші белдесуде испаниялық Ева Перес Солермен татамиге шықты.
Тартысты өткен кездесуде Әбиба қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, жүлделі үштіктен орын алды. Осылайша отандасымыз турнирдің қола медалін иеленіп, Қазақстан қоржынына жүлде салды.
Алғашқы күннің жалғыз жүлдесі
Жарыстың алғашқы күні финалдық блокқа дейін жеткен жалғыз қазақстандық спортшы дәл осы – Әбиба Әбужақынова болды.
Бұл нәтиже оның тұрақты жоғары деңгейін тағы бір дәлелдеп, алдағы халықаралық жарыстар мен ірі лицензиялық турнирлер алдында жанкүйерлер үмітін үдетіп отыр.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама