Қазақстан дзюдо құрамасының кеңесші-бапкері Роберт Мшвидобадзе Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің татамиге шығу мерзімін жариялап, ұлттық команданың 2026 жылға қойған негізгі мақсаттарын атап өтті.
Мшвидобадзенің айтуынша, Сметовтің қайта жарысқа оралуы келер жылға жоспарланған.
«Елдос келер жылы татамиге қайта оралады. Біз оны ешқайда асықтырмаймыз. Ол толық бабына келген соң, маусымды қай турнирден бастайтынын бірге анықтаймыз», — деді маман.
Жақында өткен Қазақстан чемпионаты ұлттық құраманы жасақтауда басты іріктеу кезеңі болған.
Чемпионат қорытындысы бойынша жаңа маусымға арналған құрама бекітілді. Сонымен қатар ел біріншілігіне қатыспаса да, негізгі құрамға кіретін тәжірибелі дзюдошылар бар.
Бапкердің айтуынша, қазіргі команда біртіндеп өте мықты деңгейге жақындап келеді.
«Бәрі уақыттың еншісінде. Команда күшейіп келеді, нәтижесінде біз өз мақсаттарымызға жетеміз», — деді Мшвидобадзе.
Ұлттық құраманың негізгі межелері айқын:
Бапкерлер штабы осы үш турнирге 100 пайыз дайындықты мақсат етіп отыр.
Еске салайық, Елдос Сметов соңғы рет 2024 жылы Парижде өткен Олимпиадада өнер көрсетті.
Ол 60 кг дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алып, Қазақстан тарихындағы ең табысты дзюдошылардың бірі ретінде тағы бір мәрте аталды.