Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Үш қазақстандық каратэші ӘЧ ширек финалына жолдама алды

Сарапшы, спорт журналисі
29.11.2025, 20:58

Каратэден Каирде (Мысыр) өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қыздары жарқырап жүр.

inform.kz
Реклама
Реклама

Әсел Қанай жергілікті фаворитті жеңді

61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әсел Қанай топтық кезеңде үш жекпе-жектің екеуінде жеңіске жетті.

Ол Үндістан өкілі Али Ханнан, Швейцария спортшысы Нина Радженовичтен басым түсті. Осы нәтижемен Әсел плей-оффқа шығып, 1/8 финалда Мысыр қызы Али Нурсенді сенімді түрде жеңді. Енді Қанай ширек финалда қытайлық Гонг Лименмен татамиге шығады.

Дайана Даренскаяның ересектер арасындағы дебюті

68 келі санатында сынға түсіп жатқан Дайана Даренская да топтық кезеңді сәтті өткерді.

Топта ол Франция өкілі Сомбе Талияны, Гватемаладан келген Луиса Паленсияны жеңді.

1/8 финалда өз мансабындағы алғашқы ересектер арасындағы әлем чемпионатында Дайана Германия құрамасының спортшысы Ханна Риедэльден айласын асырды.

Ширек финалда Даренскаяға өте мықты қарсылас қарсы тұрады – үш дүркін Еуропа чемпионы, Premier League жеңімпазы, Швейцарияның көшбасшысы Елена Киричи.

Софья Берульцеваның сенімді плей-оффы

Аса ауыр салмақ – 68 келіден жоғары санатында Қазақстан құрамасының лидері Софья Берульцева өзін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Берульцева топтық кезеңнен бірінші орынмен шықты. Плей-офф кезеңінде италиялық Клео Феракудиді жеңіп, ширек финалға жолдама алды. Софья келесі айналымда Нидерланды өкілі Ингрид Крименспен жекпе-жек өткізеді.

Әйелдер арасындағы шешуші жекпе-жектер мен медальға талас 30 қараша күні өтеді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары