Өзбекстан құрамасының құрамы (ӘЧ-2025, IBA)
- 48 кг дейін: Шодиёржон Меликузиев
- 51 кг дейін: Хасанбой Дусматов
- 54 кг дейін: Асилбек Жалилов
- 57 кг дейін: Худжаназар Нортожиев
- 60 кг дейін: Абдумалик Халоков
- 63,5 кг дейін: Саят Ильясов
- 67 кг дейін: Асадхуджа Муйдинхуджаев
- 71 кг дейін: Шавкатжон Болтаев
- 75 кг дейін: Фазлиддин Эркинбоев
- 80 кг дейін: Джавохир Умматалиев
- 86 кг дейін: Акмалжон Исроилов
- 92 кг дейін: Турабек Хабибуллаев
- 92 кг-нан жоғары: Арман Маханов
Бұл құрамда өзбек боксының қазіргі ең мықты есімдері жиналғанын байқауға болады.
Олимпиада чемпиондары мен әлем үздіктері бір командада
Құрама тізіміне мынандай жұлдыздар енген:
- екі дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматов;
- Олимпиада чемпиондары Абдумалик Халоков пен Асадхуджа Муйдинхуджаев;
- World Boxing нұсқасы бойынша әлем чемпиондары Джавохир Умматалиев және Турабек Хабибуллаев.
Осындай құрам Өзбекстанның Дубайдағы әлем чемпионатына тек қатысуды емес, жүлде үшін негізгі фавориттердің бірі болатынын көрсетіп отыр.
IBA нұсқасындағы әлем чемпионаты 3–13 желтоқсан аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтеді.
Турнирдің ерекшелігі – 8,3 миллион доллар рекордтық жүлде қоры.