Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Бекжан Әбілқасым (5-0) Алматыдағы Naiza 78 турнирінде октагонға көтеріліп, кезекті маңызды жеңісіне жетті.
Әбілқасым минималды салмақтағы уақытша чемпиондық белбеу үшін тәжікстандық Бежан Ходжалиевпен (3-0) кездесті. Жекпе-жек бес раундқа жоспарланғанымен оның тағдыры алғашқы үш минут ішінде шешілді.
Қазақстандық файтер қарсыласын бірінші раундта техникалық нокаутпен (ТКО) тоқтатып, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.
Осы жарқын жеңістің арқасында Бекжан Әбілқасым кәсіби мансабындағы алтыншы жеңісіне жетті және Naiza FC лигасының минималды салмақтағы жаңа уақытша чемпионы атанды.
Ал Бежан Ходжалиев үшін бұл — карьерасындағы алғашқы жеңіліс.