IBA нұсқасы бойынша 2025 жылғы әлем чемпионаты басталар алдында үлкен жанжал тіркелді. Бірқатар ел, соның ішінде Қырғызстан құрамасы Біріккен Араб Әмірліктеріне виза мәселесіне байланысты қиындыққа тап болды.
Чемпионат 3–13 желтоқсан аралығында Дубайда өтеді. Бұл жарыста Қазақстанның ерлер құрамасы да шаршы алаңға шығады.
Қырғызстан бокс федерациясының мәлімдеуінше, әлем чемпионатына қатысу үшін барлығы 13 адамның құжаты IBA ұйымдастырушыларына толық пакетпен жолданған. Алайда нәтиже күтпеген жағдайға әкелді. Екі боксшы мен бір бас бапкер ғана виза алды. Қалған 10 спортшының өтініші қабылданбаған.
Федерация өкілдері барлық талап етілген құжаттарды уақытылы тапсырғанын айтса да, визаның не себепті берілмегені нақтыланбаған.
Қырғызстан тарапы мұндай қиындыққа жалғыз емес, осы әлем чемпионатына қатысуы тиіс тағы 46 елдің өкілдері тап болғанын хабарлаған.
Бұл жағдай турнирдің әділдігі мен толық құрамда өтуіне, кей елдердің бірінші нөмірлі боксшыларынан айырылуына, IBA ұйымдастыру сапасына қатысты сұрақтарға негіз болып отыр.
Виза алуға қол жеткізген қырғыз боксшылары:
Ал төмендегі спортшылар Біріккен Араб Әмірліктеріне виза ала алмағандар қатарында қалды:
Осылайша Қырғызстан жанкүйерлері әлем чемпионатында өздерінің негізгі құрамын толық көре алмай қалуы мүмкін.