Реклама
Реклама

«Көк туды алып келіңдер!» Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-тағы қазақтарға үндеу жасады

Сарапшы, спорт журналисі
01.12.2025, 22:08

WBO және IBF тұжырымдамалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Сан-Антониода өтетін тарихи жекпе-жек алдында АҚШ-та тұратын қазақтарға арнайы үндеу жасады. 

instagram/@ja

Боксшы инстаграм парақшасында өз жанкүйерлеріне былай деп жазды:

«Америкадағы отандастар, әсіресе Техас штатындағы ағайын!

Жекпе-жекке барарда көк Туды алып келіңіздер!

Көп екенімізді көрсетейік, Техасты дүрілдетейік!

Тарихты бірге жасайық!

Жекпе-жек 6 желтоқсанда Сан-Антониодағы Frost Bank Center аренасында өтеді».

Жәнібектің бұл үндеуі – жанкүйерлерді біріктіріп, шаршы алаңда қазақ рухын сезіндіретін сәтке дайындықтың бір бөлігі.

Жәнібек Әлімханұлы – Эрисланди Лара айқасы 6 желтоқсанда, АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында өтеді.

Қазақстан уақытымен жекпе-жек 7 желтоқсанның таңында көрсетіледі.

Реклама
Реклама