Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Бокстан ұлттық құрама ӘЧ-2025 өтетін Дубайға ұшып келді

Сарапшы, спорт журналисі
01.12.2025, 21:46

Қазақстан ерлер құрамасы Дубайға (БАӘ) келіп жетті. Олар 2025 жылы өтетін IBA нұсқасындағы әлем чемпионатына қатысады. 

Instagram/@boxingkazakhstan
Реклама
Реклама

IBA әлем чемпионаты: қашан және қайда?

2025 жылғы әлем чемпионаты 3–13 желтоқсан аралығында Дубайда өтеді. Бұл сын Олимпиада қарсаңындағы ең маңызды дода, әлемдік рейтингке тікелей әсер ететін турнир және боксшылар үшін мансаптағы шешуші бәсекелердің бірі.

Қазақстан құрамасы бұл чемпионатқа дайындықты ерте бастап, толық құраммен барғаны белгілі.

Қазақстан құрамасының толық тізімі

Әлем чемпионатында ел намысын келесі боксшылар қорғайды:

  • 48 кг — Теміртас Жүсіпов
  • 51 кг — Даниял Сәбит
  • 54 кг — Сәкен Бибосынов
  • 57 кг — Оразбек Асылқұлов
  • 60 кг — Серік Теміржанов
  • 63,5 кг — Ертуған Зейнуллинов
  • 67 кг — Санатәлі Төлтаев 
  • 71 кг — Абылайхан Жүсіпов
  • 75 кг — Сабыржан Аққалықов
  • 81 кг — Ерасыл Жақпеков
  • 86 кг — Дәулет Төлемісов
  • 92 кг — Нұрмагомед Юсупов
  • 92+ кг — Нұрлан Сапарбай

Бұл құрам — әлемдік аренада жүлде үшін таласа алатын мықты боксшылар жиынтығы. Олардың қатарында Олимпиада жүлдегерлері, Азия чемпиондары, әлемдік тәжірибесі бар былғары қолғап шеберлері бар.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары