Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Жәнібек Әлімханұлы тарихи үш белбеу айқасынан кейінгі жоспарын айтты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
02.12.2025, 21:30

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы алдағы үш белбеу үшін тарихи жекпе-жек қарсаңындағы дайындық жайын және жоспарларын бөлісті.

Instagram/@janibek_alimkhanuly
Реклама
Реклама

«Барлығы жоспар бойынша бабымызға кірдік»

Қазақ чемпионының айтуынша, командасы шешуші айқас алдында қажетті бабына толықтай жеткен:

«Барлығы жоспарға сай жүріп жатыр, физикалық бабымыздың шыңына шықтық. Құдай қаласа, ертең жолға шығамыз. Сол уақытқа дейін салмақты ретке келтіреміз. Одан кейін ашық жаттығулар, баспасөз мәслихаты болады, ол кезде енді салмақ қуатын мүмкіндік болмайды. Жаттығулар жоғары деңгейде өтті — артық жүктеме де, кемшілік те болған жоқ. Алла бұйыртса, Лараны жеңіп, тағы да жолға шығып, келесі мақсаттарды бағындырамыз. Төрт айдан бері Отанды сағындық — жеңіп, елге қайту керек», — деді Әлімханұлы.

«Рингте нағыз Qazaq Style көрсетеміз»

Жәнібек бұл жекпе-жекке бүкіл кәсіпқой мансабы бойы дайындалғанын айтып, жанкүйерлерін тарихи кешке куә болуға шақырды:

«Карьерамыздың басынан бері дәл осы сәт үшін еңбектендік. Ертең өкініш пен қапалы сәттер болмас үшін, жіберіп алған мүмкіндікке өкінбес үшін, Құдай қаласа, рингте нағыз «Qazaq Style» көрсетеміз», — деді чемпион.

Әлімханұлы үшін бұл айқас тек белбеулерді біріктіру емес, қазақ боксының абыройын тағы бір мәрте әлем алдында дәлелдеудің мүмкіндігі болмақ.

Үш белбеу үшін тарихи айқас қашан және қайда өтеді?

Еске сала кетейік, 7 желтоқсан күні Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта біріккен чемпиондық айқас өткізеді. Оның қарсыласы — WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы, кубалық тәжірибелі боксшы Эрисланди Лара.Тарихи жекпе-жек АҚШ-та, Техас штатының Сан-Антонио қаласындағы Frost Bank Center аренасында өтеді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары